Атырау, 19 сәуір 05:34
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Президент осы аптада Ресей мен Иранға барады

905 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада жаңадан құрылған Ұлытау облысына, сосын Ресей мен Иранға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесін президенттің Telegram-дағы БОРТ N1 каналы бөлісті.

  • Маусымның 16-ы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

  • Маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

  • 19 маусымда Қазақстан президенті Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

13 маусым 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.