Атырау, 25 сәуір 09:07
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Білім гранттары анағұрлым көбейді

1 494 просмотра

Атырау облысына республикалық бюджеттен қосымша 4 мың білім гранты бөлінді. Оларды еліміздің барлық жоғары оқу орындары игереді.

– 3200 грант техникалық мамандықтарға – IT, машина жасау, ақпараттық қауіпсіздік, мұнай-газ және т.б. бөлінеді. Қалғаны – педагогикалық мамандықтарға, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА. Бізде мектепке дейінгі тәрбие, математика, физика, химия, биология, география мұғалімдері жетіспейді. Осы гранттар бойынша конкурстар – республикалық және біздің облысымыз үшін – жалпыға ортақ болады. Талапкерлердің назарын осыған аударғым келеді. Конкурсқа қатысуға өтініміңізде 4 мамандыққа дейін көрсетуге болады. Мүмкіндікті жіберіп алмау маңызды, жалпы тізімнен 2 мамандықты және облыстық тізімнен 2 мамандықты көрсетуге болады.

Биыл облыста 6 мыңға жуық 11-сынып оқушы мектеп бітірсе, олардың 86 пайызы ҰБТ тапсырады, 27-30 пайызы дәрігер болғысы келетіндіктен химия-биологияны таңдайды. 16-17 маусымда түлектер  аттестат алады. Ал ҰБТ айдың соңына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта мыңға жуық түлек әлі сынақтан өткен жоқ.

Былтырдан бері талапкерлер грантқа 2 рет – мамыр және маусым айларында тапсыруға құқылы. Гранттық өтінімге тестілеудің ең жоғары нәтижесі бар сертификат жалғанады.

4 мың грантты игеруге елорданың, Алматы, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскеменнің жоғары оқу орындары атсалысып, мамандықтар тізімі кең. Мектеп пен колледж түлектері, сондай-ақ өткен жылдардың түлектері грантқа түсуге құқылы. Негізгі шарт – ҰБТ тапсырып, қажетті балл жинау. Ұлттық жоғары оқу орындары үшін өту балы – 70-тен, педагогикалық мамандықтар үшін – 75-тен кем емес. Медициналық жоғары оқу орындарына әдеттегіше бәсекелестік жоғары.

Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап облыс әкімінің гранты бөлінеді. Оларға үміткерлерді іріктеу жалпы конкурстан кейін жүргізіледі. Әдетте педагогикалық мамандықтарға көп көңіл бөлінетін болса, бұл жолы бізге республикадан педагогикаға 800 грант бөлініп отыр, сондықтан әкімдік гранттары медициналық, техникалық, ауылшаруашылық, сондай-ақ дінтану мамандықтарын таңдайтын түлектерді қолдауға бағытталатын болады.

Таңдау кезінде талапкердің оқу үлгерімі негізгі рөл атқарады, ал ұпайлар тең болған жағдайда әлеуметтік мәртебесі ескеріледі - мүмкіндігі шектеулі көп балалы отбасылардың балалары немесе отбасында мүмкіндігі шектеулі адам тұратын отбасының балалары артықшылыққа ие болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 маусым 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.