Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жедел жәрдем мен онкология диспансеріне қолдау көрсетіледі

1 409 рет қаралды

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 14 медицина ұйымының құрылысы енгізілгенін мәлім етті. Қазір оның 4-і іске асырылуда. 

- Атырау қаласында Өркен және Нұрсая шағын аудандарындағы №4 және №5 қалалық емханалардан бөлек 250 орындық қосымша екі қалалық емхана салу жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар, 250 емделушеге арналған психикалық денсаулық орталығын салу көзделген. Құрылыс жұмыстары осы жылдың 4-ші тоқсанында басталады, - деді А.Байдуәлиев. 

Оның айтуынша, Атырау қаласынан Жедел жәрдем станциясын 3 подстанциясымен салу жобасына түзету енгізілді. Қазіргі таңда жоба Ішкі аудит департаментінде сараптамадан өтуде. Биыл үшінші тоқсанда құрылысы басталады. Сондай-ақ, онкологиялық диспансер маңынан радиологиялық корпус салу жоспарланған. Қазір жобалау-сметалық құжаты жасақталып  жатыр.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 маусым 2022, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.