Атырау, 16 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жайықпен ойнауға болмайды

1 096 просмотра

Атыраудағы ресми жағажайлар - «Луч» («Атырау» ДСК) және «Малибу» (Жилгородок), бірақ құтқарушылар одан бөлек жүзден астам «жабайы» жағажай бар екенін айтады. Атырау ТЖ басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Жайық суы «жылып», суға шомылу басталғалы құтқарушылар полицейлермен бірлесіп тұрақты рейд жүргізіп, әрбір нүктеден 10-нан 50-ге дейін тәртіп бұзушыны анықтады.

- Адамдардың қауіпті жерлерге суға түсуді тоқтатуы екіталай, бірақ қауіпсіздік ережесін күнделікті қаперге беру ең болмағанда біреуді төтенше жағдайдан құтқарып, енді бірі анағұрлым сақ болады деп үміттенеміз. Ең үлкен қауіп топ – балалар. Сондықтан, үлкендердің қарауынсыз жағада демалып жүрген балалармен бөлек қосымша әңгіме жүргізіледі, - дейді ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Арман СӘРСЕНБАЕВ.

Ол жыл басынан бері облыс орталығында 8 адам, оның ішінде 2 бала, өткен жылы 28 адам суға кеткенін, оның 10-ы балалар екенін еске салды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ТЖД ұсынған суреттер

10 маусым 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.