Атырау, 20 сәуір 17:56
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қант тапшы, дегенмен...

1 153 просмотра

Шенеуніктердің көңіл көншітер есептері шынайы көрініспен сәйкес келе бермейді. Жақында ғана әкімдік ҚР Экономика және интеграция министрі елімізде қант тапшылығын ресми мойындағанша облыстың қантқа деген қажеттілігі дер кезінде жеткізілу арқылы толық қамтамасыз етіледі деген болатын.

Қанттың жоқтығы ұмыт қалып бара жатқан «тапшылық», «блат арқылы табу», «тауарды лақтыру» деген  сөздерді есіме түсірді. Бұл жолы Алматы облысындағы «Көксу» қант зауытынан екі вагон қант келді деген хабардан кейін мен «Идеал-Лидер» желісі дүкендеріне аяқтай барып, тапшы тауарлардың шынымен де сауда залдарына шығарылатынына көз жеткізуді жөн көрдім. Өйткені әлеуметтік желіде сауда нүктелерінде қантты «блатпен» өз адамдарына ғана шығарып беретіні, ал залға шығарса, дүрлігіс басталатыны туралы жазбалар толып кеткен.

Прокуратура жанындағы «Идеалда» қолына бір пакет қант ұстаған ер адам атып шықты. Бірақ сауда алаңында тауар болмады. Дүкен қызметкері қанттың оралып жатқанын, күтуге тура келетінін айтты. 10-15 минуттан кейін қызметкер шынымен де қант салынған арбашаны шығарды, ыңғайлы болу үшін оның салмағы әр пакетте 3 кг болатын. Бір қолға 3 келіден артық берілмейтінін дәлелдеу үшін бір отбасының мүшелері түрлі картамен тауарды төлеуге мәжбүр болған. 1 келі қанттың құны - 517 теңге.

«Тамаша» сауда үйіндегі «Лидерде»  қант олай өлшеніп оралмаған. Бір тұтынушы қанша қант ала алады деген сұраққа сатушы қыз, қанша алғыңыз келсе, ала беріңіз деді. Мен 5 пакет алдым, содан соң екі әйел жақындап келіп, қалған пакетті түгел алып кетті. Кассадағы жігіт қолға 3 келіден артық берілмейді деп дауласпақшы болды, бірақ тез басылып, 10 келісін жалғыз өзіме және келісін 517 теңгеден сатты.

Авангард 4-ықшамаудандағы «Лидерге» түскі уақытта сағат бірлерде келдім. Дүкен қызметкері қантты залға сағат 13.00 және 18.00-де ғана шығаратынын айтты. Күндізгі партиясын шығарған, ол  тез сатылып кетті, ал кешкі партиясын тағы 5 сағат күту керек. Басқа қызметкерлер керісінше, қант қоймада оралып жатыр, кешікпей шығарылады деді. Жарты сағат күткеннен кейін түскі асқа баруды шештім. Оның үстіне, «Лидердегі» кейбір сатып алушылардың айтуынша, қант «Мерейде» бар, тіпті бұдан да арзан – келісіне 500 теңге екен.

Рас екен. Бір желідегі тауардың бағасы әртүрлі болуы мүмкін. «Идеалда» және «Лидерде» қант 517 теңгеден, ал «Лидер – Арзанда» 500 теңгеден. Мен өзіме тиесілі бір қолға 3 келі қантты сатып алып, жеміс-жидек сатып алу үшін базарға кеттім. Қантты жеткілікті алдым, енді тосап қайнатып аламын...

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор

10 маусым 2022, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.