Атырау, 25 сәуір 18:45
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атом электр станциясы қай өңірде салынады

1 123 просмотра

Атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылы ауданында салынады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдедін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Атом станциясының орналасатын жерін анықтадық. Ол Балқаш көлінің ауданы, Алматы облысы Үлкен ауылы аймағында. Осы жылы геология, экология, сумен байланысты мәселелер зерделенеді. Осыдан кейін нақты координаттор анықталады. Қазір мен учаскенің нақты координаттарын айта алмаймын", - деді Ақшолақов астанада өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Айтуынша, бұл Балқаш көлінің ауданы геологиялық, су ресурстары, климаттық жағдайларды ескере отырып таңдалған.
"Бұл учаске кеңес заманы кезінде әлеуетті орындардың бірі ретінде қаралған. Сол кездің өзінде зерделенген. Қазір түрлі технология қарастырылуда. Оның ішінде франциялық, ресейлік, жапониялық, қытай, оңтүстіккореялық реакторлар бар. Технологияны келесі жылы анықтаймыз", - деп нақтылады министр.
Ол әзірге смета белгісіз екенін атап өтті. Айтуынша, әдетте атом электр станциясының құрылысы он жылға созылады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстан атом электр станциясы қай жерде орналасатынын шешкенін мәлімдеген еді.
10 маусым 2022, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.