Атырау, 19 желтоқсан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Атырауда Азаттық даңғылын қайта жөндеу жұмыстары басталды

Сурет Бейнежазба
1 257 просмотра

Жұмыс жобасы екі бөліктен тұрады - біріншісі Абай көшесінен Темірханов көшесіне дейін ұзындығы 691 метр, екіншісі Әуезов көшесінен Момышұлы көшесіне дейін (Балықшыда) ұзындығы 1855 метр учаске.

1 маусымда мердігер – «Атырауинжстрой» ЖШС №2 учаскеде жұмысын бастады. Әзірге қаржыландыру кестесіне сәйкес учаскенің 1855 метрдің 700 метрін қайта жаңғырту жоспарлануда. Көшенің жүріс бөлігі 13,3-14 метрден 15,5 метрге дейін кеңейтіліп, төрт жолақ: ені 3,75 метр 2 жолақ және әрқайсысы 4 метрден екі (шеткі автобус жолақтары) жолақ болады. Жолдың жүріс бөлігінен суды бұру үшін жол жиектеріне арық науалары, ал іргелес аумаққа және жасыл-желек аймаққа су бұру үшін жолмен біріктірілген тротуарлардың астына полиэтилен құбырлары салынады. Жол төсемі мен тротуар құрылымы Бейбарыс даңғылы мен Құрманғазы көшесінің бойындағы бұрын жүзеге асқан жобаларға ұқсас: жол жабынының жалпы қалыңдығы 80 см, екі қабатты асфальтбетон жабынының қалыңдығы 15 см, үстіңгі қабаты да кеуектілігі жоғары асфальтбетонның беткі қабаты - 15 см. Қабаттардың жалпы қалыңдығы - 30 см.

Бұл учаскеде автокөлік автопавильондары бар 6 аялдама орнатылады. Жобада сонымен қатар инженерлік желілерді: жылумен, газбен, электрмен жабдықтауды қайта орнату қарастырылған. Жол салушылар екі учаскені де 10 ай ішінде бітіруі керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Айнұр САПАРОВА

10 маусым 2022, 08:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.