Атырау, 22 желтоқсан 14:25
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда 1,5 тоннадан астам тауық еті жойылды

1 448 просмотра

Атырауда Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, тонна жарым тауық етінен дайындалған өнім жойылды.

Бұған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізген тексеру себеп болған. 108 сынаманың 40%-дан астамы жарамсыз екені анықталды.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің бройлер-балапан етінен адам өміріне қауіп төндіретін бактериологиялық көрсеткіші табылды. Осыған байланысты ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Тексеру кезінде субъект тарапынан өнім сапасының талапқа сәйкес еместігі анықталып, сатылымдағы 1 тонна 597,65 келі бройлер тауық етін жою туралы санитарлық-эпидемиологиялық нұсқама берілді», - деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Өнім өртеу арқылы жойылды. Бұл іс-шараға Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қалалық ветеринарлық инспекция басқармаларының мамандары, сондай-ақ, «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-нің сенімді өкілі қатысты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 маусым 2022, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.