Атырау, 25 желтоқсан 17:39
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Алматыда 5 адам аммиактан уланып қалды

1 230 рет қаралды

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға 7 маусымда таңғы тоғызда жеткізілген. Қазір үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы біреуі токсикология бөлімінде. Бесіншісі стационарлық емдеуден бас тартқан, деп хабарлады Хабар 24.

Ал компания өкілінің мәлімдеуінше, мұздатқыш цилиндрдің тығыздауышы бүлініп, 500 грамдай аммиак төгілген.

Уланғандардың бәрі қаптама бөлімінің қызметшілері. Ал сол ауысымда өндірілген 2 тонна балмұздақ саудадан алынып, арнайы қоймаға қойылған.

"Науқастар бас айналу, құсу, жүрек айну, әлсіздік симптомдарымен түсті. Аммиак деген ол сұйықтық. Ол ашылған жағдайда ауаға тарайды да, адамдар уланады", - деп түсіндірді қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаров.

"Шин-Лайн" компаниясы маркетинг бөлімінің басшысы Бейбіт Құрманбаевтың айтуынша, оқиғадан кейін барлық ауысымдағы қызметкерлер эвакуацияланған.

"Жедел жәрдем шақырылды. Зардап шеккен адамдарға арнайы өтемақы төленеді, толық емделуіне жағдай жасалады", - деді ол.

9 маусым 2022, 08:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.