Оңтүстік Калифорния шөлінде әскери ұшақ апатқа ұшырап, оқиғадан 4 адам опат болды, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.
Басылым мәліметінше, оқиға Гламис қаласының маңындағы Император округінде болған. Ұшақта қандай ядролық қару бар екені белгісіз.
Мамандар ұшақта ядролық қару болғанын жоққа шығарып отыр. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу басталды. Құтқарушылар бортта болған тағы бір адамды іздестіріп жатыр.
Calexico Chronicle басылымы V-22 Osprey ұшағы апатқа ұшырады деп мәлімдеді. Мұндай ұшақтар осы аймақтағы АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің базасында орналасқан.