Атырау, 25 желтоқсан 17:39
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Өңір әкімдерін сайлау ережесіне өзгерістер енгізілді

1 386 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер әкімдерін тағайындаудың жаңа ережелерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik.

"Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта.

Жаңа ережелерге сәйкес, мемлекет басшысы мәслихаттарға ұсыныс негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.

Дауыс беруге қатысқан депутаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған кандидат келісім алған болып есептеледі.

Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаған болса, есеп комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

8 маусым 2022, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.