Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жас «закладчик» 7 жыл жаза алды

2 110 рет қаралды

Атырауда 17 жастағы «закладчик» 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

«Оңай» ақшаның соңынан ерген жігіт өзгенің де, өзінің де өмірін құртты.

Жұмыс іздеп жүріп, Telegram мессенджеріндегі «жоғары жалақыға жаяу курьерлерді» шақырған жарнамаға хабарласады. Ал көп ұзамай синтетикалық есірткіні Атырау қаласының төңірегіндегі құпия жерлерге жасыра бастады. 

– Оңай жолмен материалдық баю мақсатын көздеп, есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз тасымалдаумен айналысқан. Нәтижесінде 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – дейді облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян БӘКІРОВ

Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысында кәмелетке толмағандар тарапынан 20 қылмыстық құқық бұзушылық орын алса, оның 13-і орташа ауырлықтағы, 7-уі ауыр қылмыс. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2022, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.