Атырау, 25 сәуір 12:44
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шілдеден бастап учаскелік полиция өкілеттігі кеңейеді

1 304 просмотра

Шілде айынан бастап учаскелік полиция қызметкеріне жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізу және оның орындалуын талап ету құқығы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлімдеді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны, темекі өнімдерін пайдаланғаны, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жаза қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейді.

«Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға және тұрғындармен алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Учаскелік инспектордың жұмысына ПИК, ЖИБ, жұртшылық өкілдерін профилактикаға тарту, сондай-ақ тұрғындармен әлеуметтік желілерде топтар құру үлкен демеу болды, соның арқасында азаматтар өз полицейлерін тани бастады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Онда жазылғандай, Есіл ауданының учаскелік полиция инспекторлары жалпы 671 топқа тіркелген. Оның ішінде жеке сектордағы үйлерде тұратын 83 мыңнан астам азамат тіркелген 24 топ бар. WhatsApp мессенджері арқылы құқық бұзушылықтардың, бөтеннің мүлкін ұрлаудың, сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттар тұрақты негізде орналастырылады. 

«Биылдыққа топтардағы тұрғындардан 482 хабарлама түсті. Азаматтар көбінесе тыныштықты бұзу, қоғамдық орындардың ластануы, иттерді серуендету және көлік құралдарын қою ережелерін бұзу мәселелерімен шағымданады. Учаскелік инспекторларға жедел және уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтатын тұрғындар мен қонақтар да көп. Инстаграм желісіндегі @police_esil_nur_sultan парақшасына жыл басынан бері халықтан 300-ден астам алғыс жазылған», - деп мәлімдеді департаменттен.

8 маусым 2022, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.