Атырау, 30 қараша 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Біреулер ақшаға өмір бойы куәліктен айырылған жүргізушілерге «рақымшылық жасап жүр»

1 679 просмотра

Атырау прокуратурасы сот үкімімен өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға куәлік беру фактілерін анықтады.

– Уәкілетті органдардың жүргізуші куәлігін беру қызметін талдау барысында сот үкімі бойынша жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасын алған тұлғаларға куәлік беру фактілері анықталды, – дейді қала прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

2019-2021 жылдарға жүргізілген талдау барысында осындай 2 факті анықталды. «Куәліктен айырылғандардың» бірінің айтуынша, ол куәлік алу үшін «делдалға» 180 мың теңге төлеген. Тағы 3 жағдайда белгілі бір мерзімге куәлігінен айырылған тұлғалар оларды заңды мерзімінен бұрын алу үшін төлеген.

Бұдан басқа, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы арқылы куәліктен өмір бойы айырылған атыраулық азаматтар жүргізуші куәлігін заңсыз алу фактісі анықталды. Аталған факті бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2022, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.