Атырау, 28 наурыз 21:00
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер күшіне енді

909 просмотра

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.                       

                           
«Егемен Қазақстан» газетінің сайтында Қазақстан Республикасының Референдум жөніндегі орталық комиссиясы 5 маусымда өткен республикалық референдумдағы дауыс беру қорытындыларын жариялады.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31 және 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:

  • референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 11 734 642;

  • дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 7 985 769 немесе 68,05 пайыз;

  • референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 6 163 516 немесе дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызы;

  • референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 1 490 470;

  • жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 205 924;

  • 17 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада дауыс беруге қатысқан азаматтар мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берді.

    «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» мәселесі бойынша референдум өтті, өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты.Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

    2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумға шығарылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды деп есептеледі, өйткені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы оң шешімді жақтап дауыс берді.

8 маусым 2022, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.