Атырау, 25 желтоқсан 11:15
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Нұр-Сұлтанда ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

1 384 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырмай, жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз сыйақы алу, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою дерегі бойынша автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.

7 маусым 2022, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.