Атырау, 26 сәуір 13:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Такси жүргізушілер мен курьерлер әлеуметтік пакетпен қамтылады

1 162 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова онлайн платформаларда істейтін қазақстандықтар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, пандемия кезіндегі карантиндік шектеулер әлемде жұмыспен қамтудың заман талабына бейім тәсілдерін қолдануға тың серпін берді. Бұл үрдістен Қазақстан да шет қалған жоқ. Бұған қоса, ел экономикасына цифрландыру мен жаңа технологиялар да өз әсерін тигізуде. Соңғы жылдары нақты секторға қарағанда, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың саны өскен.
"Сараптамалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 500 мыңдай адам платформалық жұмыспен қамтылған. Яғни, азаматтар Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай режим тұрғындарға өте ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы", - деді Дүйсенова үкімет отырысында.
Яғни азамат жұмыссыз қалса немесе жүктілігіне және балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды.
"Осыған байланысты бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездестік. Олармен бірге биылғы 1 шілдеден бастап қамту схемаларын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыстың нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз", - деді министр.
Министрлік платформалық жұмыспен қамтуды танып, оны заңдастыру арқылы азаматтарға ыңғайлы режимді сақтай отырып, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды көздеп отыр.
7 маусым 2022, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.