Атырау, 10 сәуір 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді

1 324 рет қаралды

7 маусымға дейін берілген өтінім саны – 19 285, оның 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі.

Оның көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген.

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, салық қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені.

Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

- алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,

- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,

- қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887.

Еске сала кетейік, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы 18 сәуірде іске қосылған болатын.

7 маусым 2022, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.