Атырау, 25 сәуір 17:42
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мас күйде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылды

1 445 просмотра

Атырауда бір аптада мас күйде көлік басқарған 20 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік жүргізу куәлігінен айырылды. 

1-7 маусым күндері аралығында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 20 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Мысалы, 3 маусым күні сағат 11:20 шамасында патрульдік полицейлер Қабдолов көшесі бойынан жүргізушісі мас күйге күдікті ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушісі масаң күйге күдікті болып, медициналық сараптамаға жеткізілді. Сараптама қорытындысы оның орта дәрежелі масаң күйде екенін көрсетті. 36 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) бойынша әкімішілік хаттама жасақталды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 маусым 2022, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.