Атырау, 20 сәуір 10:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Байден энергия қуатының тапшылығы қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады

982 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден елдегі электр қуатын өндіру тапшылығына байланысты төтенше жағдай жариялап, Азиядан келетін күн батареяларын баж салығынан босату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта жарияланған жазбада АҚШ-та жеткілікті электр қуатын өндіруге кедергі келтіретін көптеген фактор бар екені айтылған.

"Мен, Кіші Джозеф Байден, Америка Құрама Штаттарының Президенті, Америка Құрама Штаттарының конституциясы мен заңдарында берілген өкілеттік бойынша, электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруге кедергі келтіретін төтенше жағдайдың бар екенін жариялаймын", - делінген хабарламада.

Байден, сонымен қатар, Камбоджа, Малайзия, Таиланд және Вьетнамның "кейбір күн батареяларын" екі жылға импорттық баж салығынан босатты.

7 маусым 2022, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.