Атырау, 24 сәуір 16:58
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Жеке үйлерді көгілдір отынға қосу қызметі еселеп арзандайды

1 150 просмотра

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz. Компания басшысының айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» бәсекелестік нарыққа қатысқан болатын. 

Олар газды үйдің ішіне дейін қосуды қамтамасыз еткен. Олардың қызметі 1 қаңтарда тоқтаған, өйткені ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі саладағы бәсекелестікке нұқсан келтіресіңдер деген уәж айтқан. Қазіргі кезде агенттік бұл мәселеге байланысты түсіністік танытып отыр. 

Осы орайда «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қайтадан осы нарықтағы қызметін жандандыруы мүмкін. Бұл ретте газды үйге тарту қызметінің құны арзандауы мүмкін. Осы орайда ол жеке үйлерді газға қосу қызметіне төлем сомасы еселеп арзандайтынын атап өтті.

«Біздің қызметтің құны – 113 мың теңге. Ал жеке мердігерлер 400-450 мың теңге шамасында газға қосып жүр. Осы орайда бәсекелестіктің арқасында бұл қызметтің құны 3 есе арзандайды деген ойдамыз. Қазақстан бойынша бекітілген бір баға қалыптаспақ», – деді басқарма төрағасы.

6 маусым 2022, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.