Атырау, 26 сәуір 20:50
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жұлдызқұрт егістікті жайпап тастауы мүмкін

Бейнежазба
1 695 просмотра

Атырау облысында шалғын көбелек және жұлдызқұртпен қызу күрес жүріп жатыр. Дала еңбеккерлері бар ырыздықтарынан айрылып қалмау үшін химиялық өңдеу жұмыстарын жасау керек. Бірақ бұл жұмыстардың қаржылық ауыртпалығы толығымен егіс өсірушілердің өздеріне түседі.

Шалғын көбелек өңірімізде мамыр айының екінші жартысында пайда болды. Ұзақ жерге тарау мүмкіндігі болғандықтан көршілес Астрахань, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысынан ауамен бізге де жеткен. Мамыр айының басында осындай қауіп болатыны туралы әлеуметтік желі арқылы облыс фермерлеріне ескертілген. 

- Жалпы көбелектердің өсімдіктерге зияны жоқ. Олар өсімдік гүлінің шәрбатымен қоректенеді. Ал жұлдызқұрттардың зияндылығы жоғары. Оларды жою керек, - дейді Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Хамидолла ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ. - Шалғын көбелегі аса қауіпті зиянды организмдер немесе карантиндік нысандар тізімінде болмағандықтан оларға қарсы күрес республикалық бюджет есебінен жүргізілмейді, жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін тізімде де жоқ. Сондықтан ҚР «Өсімдіктерді қорғау заңының» 14-5-бабы бойынша жер иесі зиянкеске қарсы өз есебінен күресу шарасын жүргізуге міндетті.

Әсіресе Махамбет, Құрманғазы, Индер аудандарындағы алқаптар зардап шегуде. Дер кезінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілсе, жайылым мен егістікті сақтап қалуға болады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор, ӨКҚ ұсынған бейнежазба 

6 маусым 2022, 23:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.