Атырау, 2 мамыр 06:29
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Индербордың жолдары шұрқ-тесік

Сурет
1 590 просмотра

Жуырда брифингте Индер ауданы әкімі Салауат ӨТЕҒҰЛОВ «қанағаттанарлық жағдайдағы» жолдар үлесі 76,9%-дан 83%-ға өскенін мәлімдеді.

Бірақ аудан орталығы Индербор көшелерін аралағанда бұл сандарға сену қиын.

- Мына жолды өткен жылы жасады, ендігі сиқын қараңыз. Жолдың бәрі түсіп жатыр, төсеген асфальт жоқ болып, шеттері шұңқырланып қалған. Осыған қарайған ақша кетті емес пе? - дейді күйінген жергілікті тұрғын Игілік ҚАНАТОВ.

Кенттегі жиі көлік жүретін Ш. Уәлиханов көшесіндегі жол бұдан екі-үш жыл бұрын жөндеуден өткен, бірақ жол қайтадан бұзылған. Одан бөлек, коммуналдық қызметшілер онсыз да тар жолды турникетпен жауып, мұнда үнемі бірдеңе қазып жатады. Бұл жағдай аудандық аурухана ғимаратының алдындағы жолда. 

Қабдешев көшесіндегі жолдың қақ ортасында асфальт бұзылып, үлкен үңгір пайда болған. Д.Қонаев көшесі мен Көктем ықшамауданында да дәл осындай көрініс. 

Жаяу жүргінші жолдарының кейбір жерлері төмен түсіп, тастары шашылып жатыр. Өткен жылы жөнделген үлкен көпір үсті де ойдым-ойдым шұңқырларға толы. 

- Кент ішінде көлікпен жүру қиындап тұр. Асфальт жолдар шұрқ-тесік. Дұрыс жол қашан болады? - дейді индерліктер.

Брифингте С. Өтеғұлов аудан орталығында жолдарға жөндеу жүргізілетінін айтқан еді. Оны да көрейік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

6 маусым 2022, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.