Атырау, 2 мамыр 16:25
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Сенемін – сенбеймін»: Атыраудағы референдум учаскесінде

Сурет
1 714 просмотра

5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Бүгін брифингте Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 77,18 пайызы түзетулерді қолдаса, 18,66 пайызы қарсы дауыс берген. Атыраудағы референдум учаскелерінің бірінде дауыс беру қалай өткені туралы - «АЖ»-ның шағын репортажында.

«АЖ» тілшісі №39 референдум учаскесінде («Қазақстан темір жолы» филиалының ғимаратында) дауыс берді. Кіре берісте Exit Poll жүргізіп жатқан «Қоғамдық пікір» институтының өкілі Ботакөз АХМЕДОВАНЫ кездестірдім – ол референдум учаскесінен шыққандардан қалай дауыс бергендерін сұрап жатты (әрине, ерікті түрде).

...Дауыс берушілердің бірінің өзін телефон камерасына түсіруді сұрағанын байқадым, шамасы, «есеп беру үшін» шығар. Кейін белгілі болғандай, бұл еліміздің басқа аймақтарында да байқалған. Айтпақшы, Қазақстанда алдын ала мәлімет бойынша, референдум учаскелеріне дауыс беру құқығына ие болғандардың 68 пайызы келген.

...Кейін дауыс бергендердің біразымен сөйлестім.

Көпшілігі елде оң өзгеріс болатынына сеніп, учаскеге келген. Кейбір пікір мынадай: «Жаңа Қазақстан орнайды деп, уәде беріп отырған Тоқаевқа шынымен сенгім келеді. Сол үшін келдім. Әсіресе, қазақ тілінің рөлін күшейту керектігін айтқым келеді. Бұл басымдыққа айналуы керек, өйткені біз ҚАЗАҚстанда тұрамыз». - «Еліміздің нағыз демократиялық елге айналатынына үмітімді үзбеймін. Негізгі заңдағы қазіргі өзгерістер - ұзақ та қиын жолдың алғашқы қадамы деп ойлаймын, біз мұны қолдауымыз керек». – «Мұның бәрі көзбояушылық деп, осы референдумды елемеуге болар еді. Бірақ келуді ұйғардым. Әрі қарай не болатынын көрейік...».

...Ал бір күн бұрын бірнеше танысым елдегі нақты өзгерістерге сенбейтіндіктен бармайтынын айтқан еді.

...Үйге қайтып келе жатып, жас таксистің пікірін сұрадым.

– Меніңше, билік қаңтар оқиғасынан қорқып қалғандай болды, халық шыдамы таусылғанын көрсетті ғой. Енді олар «Сіздерді естідік, Конституцияға өзгеріс енгізіліп жатыр» деп көрсеткісі келеді. Білмеймін, мүмкін елу пайыздай болса да, жақсы жаққа өзгерер. Зейнет жасын азайту керек, жемқорлықты жою керек, жас жігіттер бекер өлмеуі үшін әскерді ретке келтіру керек, көп нәрсені дұрыстау қажет. Бұл түзетулер көмектесе ме? Білмеймін, - дейді жігіт.

 

...Кешке қарай №39 референдум учаскесінде тіркелген 2815 адамның 748-і 4 бақылаушының қатысуымен дауыс берді.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

6 маусым 2022, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.