Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

9-қабаттан бүлдіршінді құтқарып алды

1 474 рет қаралды
Көрнекі сурет

4 маусымда сағат 17:00 шамасында Атырау патрульдік полиция экипажына Береке ықшамауданындағы үйлердің бірінің 9-қабатында бүлдіршін балкон жақтауынан құлағалы тұр деген хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша барған патрульдік инспекторлар Еламан Төлешов пен Нұрбол Багитов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, өрт жағдайында эвакуациялауға арналған баспалдақтар арқылы 9-қабатқа өтіп, баланы қауіпсіз жерге алып шықты.

Тұрғындардың айтуынша, бүлдіршін балконнан үй ішіндегі түрлі тұрмыстық заттарды лақтырып тұрған. Полицейлер 2 жасар баланың пәтерде жалғыз болғанын анықтады. Оның 37 жастағы анасы анықталып, тексеру жүргізілуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 маусым 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.