Атырау, 2 мамыр 17:36
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Артық бюллетеньдер салынуы мүмкін": комиссия мүшелері міндетінен шеттетілді

862 просмотра

Алматыдағы учаскелердің бірінде болған жағдайға байланысты Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik. 

Кеше түсте әлеуметтік желіде артық бюллетеньдер салынуы мүмкін деген видео тараған еді.

Қазір мән-жайды толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген, деп хабарлады Хабар 24.

Бюллетеньдер заңсыз салынды деген жәшікті мөрлеп, есептен алып тастаған. Одан кейінгі дауыс берушілердің бюллетеньдері жаңа жәшікке тасталған.

Ал ондағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сондықтан нақты шешімді құқық қорғау органдары мен Орталық референдум комиссиясы қабылдайды.

"Әрі қарай дауыс берудің нәтижесі әрі қарай басталған урнаның ішіндегі жәшіктің ішіндегі бюллетеньдермен саналатын болады. Нәтиже де сонымен шығады. Ал қалған шешімді әрі қарай, қорытынды шешімді Орталық референдум комиссиясы шешеді. Бүкіл құжаттар, бүкіл деректер Орталық референдум комиссиясына жіберілетін болады. Міндетті түрде қорытындыланғаннан кейін, шешім шыққаннан кейін алдарыңызға шығып айтып береміз", деді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.

6 маусым 2022, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.