Атырау, 25 желтоқсан 12:49
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Exit poll: Сауалнамаға қатысқандардың 76,7% референдумды жақтап дауыс берді

1 060 рет қаралды

Exit poll сауалнамаларының нәтижелері бойынша Қазақстандағы республикалық референдумның алдын ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 350 мыңға жуық қазақстандықтың сауалнамаға қатысқанын жеткізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, референдумға ел азаматтарының қатысу деңгейі 67,5%-ды құрады. Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдағандар – 76,7%, қарсы болғандар – 23,3%.

Республикалық референдум қорытындысы бойынша тағы екі exit poll деректері Qazaqstan телеарнасындағы онлайн-марафон барысында жарияланған цифрлардан айтарлықтай алшақтап кете алмады.

Демократия институты: референдумға қатысушылардың 79,4% - ы Конституцияға енгізілетін түзетулер пакетін қолдады.

"Қоғамдық пікір" институты: респонденттердің 74,8% Конституцияға енгізілген түзетулерді жақтап, дауыс берді.

Айта кетсек, 5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткен болатын. Дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді.

Референдумда барлығы 11,7 миллионнан астам азамат дауыс бере алды.

6 маусым 2022, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.