Атырау, 22 желтоқсан 06:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраулық 80 дәрігер шетелде білімін жетілдіреді

1 903 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ баспасөз брифингінде мәлім етті.

- Біздің басты мақсатымыз - медицина саласындағы мамандардың білімін жетілдіру. Атырау өңіріне Израильдегі ең үздік медициналық орталықтың мамандары келіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Ал қазір жергілікті 80 дәрігерді 2-3 айға Израиль, Ресей, Түркия, Германия сынды мемлекеттерге өз білімін жетілдіру мақсатында жіберу жоспарланып отыр, - деді А.Байдуәлиев. – Атырау халқының басқа елге бармай, өз жерінде ем алуға барлық мүмкіндікті жасауға тырысамыз.

- Шеберлік сағаттарынан кейін оған қатысқан мамандарға халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі, - деді MVI медициналық орталығының бас директоры Н.Меллех. Айта кетейік, алдағы жылдары Атырауда бірқатар медициналық орталық ашу жоспарлануда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 маусым 2022, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.