Атырау, 25 желтоқсан 02:02
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз асылып қайтыс болды

1 420 рет қаралды

Әскери борышын өтеп жүрген 19 жасар сарбаз асылып қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik жергілікті "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысындағы,Бейнеу шекара бекетінде болған. Сарбаздың мәйіті бүгін таңғы 5 шамасында асулы тұрған күйінде табылған.

Қатардағы жауынгер Еділ Тешебаевтың ағасы Нұржаусын Тешебаев інісінің қазасы туралы хабарды бүгін таңертең алғанын айтады.

Оған інісі асылып қайтыс болғаны туралы хабарланған. Айтуынша, мойнында екі белдіктің ізі болған.

Сонымен қатар қойын дәптерінен, ата-анасына, ағалары мен туыстарына арналған жеке-жеке жазба табылған.

Қайтыс болардан бірнеше күн бүрын ол үйдегілерден 5000 теңге аударуды сұраған екен.

Еділ Тешебаев Түркістан облысының тумасы.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталды.

4 маусым 2022, 20:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.