Атырау, 24 қараша 14:40
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина қандай жағдайда Ресеймен келісімге келетінін айтты

1 694 просмотра

Украина делегациясының басшысы қандай жағдайда Ресеймен келісімге келуге болатынын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Давид Арахамия Украинаға Батыстан келіп жатқан қару-жарақтың екі ел арасындағы келіссөзге әсер етіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Киевтің позициясын күшейту үшін әскери гуманитарлық көмек керек.

"Біз Батыстан келетін қару-жарақты қабылдауға дайынбыз. Содан кейін Ресеймен келіссөздің жаңа кезеңін бастай аламыз", - деді Арахамия.

Ол қазіргі уақытта Ресей әскері Украинадағы елді мекендерді өз бақылауына алып жатқанын жасырмады.  

"Біз бір қадам алға, екі қадам артқа жылжып жатырмыз. Бүгінде келіссөздерді қайта жалғастыруға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді ол.

4 маусым 2022, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.