Атырау, 6 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бекіре – 2022»: қорытынды

1 517 просмотра

1 маусымда Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында өткізілген «Бекіре – 2022» балық қорғау акциясы аяқталды. Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Темірхан ОҢАЙБАЕВТЫҢ мәліметі бойынша, заңсыз айналымнан 21 тонна балық, оның ішінде 1852 келі бекіре балығы тәркіленген. 755 грамм қара уылдырық, 621 балық аулау құралы, 140 су көлігі тәркіленді. 

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 54 адам қылмыстық жауапкершілікке, 895 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 19,7 млн теңге айыппұл салынды. 

Т.Оңайбаевтың айтуынша, Жайық арнасы мен теңіз айдынын күнделікті тралдау барысында жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын ау құралы алынды, бұл балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтуін айтарлықтай жеңілдеткен. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 маусым 2022, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.