Атырау, 6 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Екі жаңа сорғы станциясы қала маңындағы ауылдардың су мәселесін жеңілдетеді

Сурет
1 760 просмотра

Алдағы уақытта «Атырау облысы су арнасы» КМК облыс орталығынан екі жаңа сорғы стансасын іске қосуды жоспарлап отыр. 

Қазіргі уақытта Дамбы поселкесінде ауыз суды дайындау бойынша тазарту құрылғыларын жаңғырту және пайдалануға беру бойынша жұмыстар аяқталуда. Жайық өзенінің жағалауында жүзбелі сорап стансасы монтаждалды, жүзбелі сорап стансасынан сүзгілеу стансасына дейін ұзындығы 340 метр су құбыры жүргізілді, жаңа сорап агрегаттары қондырылды, сүзгілер жөнделді, сыйымдылығы 400 текше метр болатын қосымша төрт дана таза су резервуарлары қондырылды. Стансаны маусым айының басында пайдалануға беруді жоспарланған. Дамбы және Атырау ауылдық округтерінің поселкелеріне күніне қосымша 600 текше метр су берілетін болады. Қолданыстағы сызба бойынша Балауса, Еркінқала, Еркінқала-2 елді мекендеріне су беру Жұмыскер поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасы арқылы жүзеге асып отырды. Жазғы мезгілде бау-бақшалар мен үй маңындағы учаскелер жаппай ауыз сумен суарылуына байланысты Еркінқала ауылдық округі елді мекендерінің тұрғындары су тапшылығын көре бастады. 

Құрманғазы мен Нысанбаев көшелері (бұрынғы «Аптекоуправление» аумағы) қиылысында су қысымын көтеруші сорап стансасының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Ол Балауса ықшамауданын сумен жабдықтайды, оны пайдалануға беру маусымның бірінші онкүндігіне жоспарланған. Ал Жұмыскер поселкесінде орналасқан сорап стансасы тек Еркінқала, Еркінқала-2 поселкелеріне су беретін болады.

Ақсай, Ақсай-2, Ақжар, Ақжар-2, Талқайраң, Бесікті, Аспа поселкелерін сумен жабдықтауды жақсарту үшін Талқайраң поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасында бізбен сыйымдылығы 200 текше метр болатын қосымша екі дана таза су резервуарлар монтаждалуда. Жұмыстарды аяқтау маусым айының бірінші онкүндігіне белгіленген. 

- Ыстық ауа райының басталуына және үй жанындағы учаскелерді, бау-бақшаларды, жасыл-желектерді суару үшін ауыз суын пайдалануына байланысты жыл сайын маусым айынан бастап Дамбы, Атырау, Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтерінің кейбір поселкелерінде су жетіспеушілік мәселесі басталады. Осыған байланысты тұрғындарды үй жанындағы учаскелердегі ағаштар мен бау-бақшаларды ауыз сумен суаруды кешкі сағат тоғыздан таңғы жетіге дейін жүзеге асыруды сұраймыз, - деп атап өтті «Атырау облысы Су Арнасы» баспасөз қызметі.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

«АОСА» ұсынған суреттер

3 маусым 2022, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.