Атырау, 25 сәуір 22:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Самат Ғилымов «Қазақавтожол» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

1 603 просмотра

Самат Ғилымов «Қазақавтожол» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самат Қуанышұлы еңбек жолын Қосшағыл Гурьев облысы совхозының қарапайым слесарінің қызметінен бастаған.

Әр жылдары өндірістік және мемлекеттік салада басқарушы қызметтерді атқарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық полициясының органдарында қызмет, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» филиалының аппарат басшысы-директор орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша: инспекцияның басшысы, «Каспий» ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы және Көліктік бақылау комитетінің басшысы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

3 маусым 2022, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.