Атырау, 26 сәуір 21:36
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"ҚазМұнайГаздың" бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

1 316 просмотра

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды  Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

"Қаржы мониторингі агенттігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады.
Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.

ҚМА мәліметі бойынша, іздеудегі адамды анықтау немесе сол болуы мүмкін екені туралы ақпаратты агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауға болады

2 маусым 2022, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.