Атырау, 20 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Қаладағы суару құбырларының жағдайы

1 189 просмотра

Өткен жылы Атырауда жасыл желекті суару құбырының құрылысы аяқталды. Қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Нұрболат БӨЛЕКОВТІҢ айтуынша, бүгінде барлық учаске мен іргедегі желілерге су қысыммен үздіксіз беріліп тұр.

– Биыл автоматтандырылған жүйе іске қосылып, қазір қалыпты жұмыс істеп тұр, – дейді Н.Бөлеков. – Нысан қазір қалалық құрылыс бөлімінің балансына қабылданып жатыр.

Еске сала кетейік, қалалық суару құбыры құрылысын салуға көпжылдық келісім-шарт 2017 жылдың 15 желтоқсанында жасалды. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі, мердігер – «Алматыинжстрой» АҚ, жұмыс құны - 1 млрд 628 млн 300 мың 800 теңге.

Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, 2017 жылдың аяғына дейін мердігер 1 млн 800 мың теңгені, 2018 жылы - 592 млн 152 мың теңгені, 2019 жылы - 346 млн 878 мың теңгені игерген. 2020 жылы ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ, ақша бөлінген жоқ, алайда 2020 жылға мемлекеттік сатып алу порталында 840 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жарияланған.

Қалалық құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының айтуынша, әр жылдың қосымша келісімдерінде негізгі келісімшарттың жалпы сомасы көрсетілген.

- Сатып алу (тендер) сомасы ҚҚС-сыз – 1 475 980 000 теңге, ҚҚС-пен – 1 653 097 600 теңге. Тендер қорытындысы бойынша сома/Келісімшарттың жалпы сомасы – ҚҚС-сыз – 1 453 840 000 теңге, ҚҚС-пен – 1 628 300 800 теңге, – дейді маман. Егер 2020 жылы ақша бөлінбесе, неге сол жылы сома көрсетіліп тұр деген сұраққа ол 2020 жылы келісім-шарт «нөлге» жасалған деп жауап берді.

Суару желісінің орналасқан жері:

  • №2 учаске, Бейбарыс даңғылының бойымен әуежайдан Алмагүл ы/а дейін
  • №3 учаске, Владимирский көшесі
  • №4 учаске, И.Тайманов даңғылы
  • №5 учаске, Жилгородоктағы айналма жолдан Азаттық даңғылы бойымен Балықшы көпіріне дейін
  • №6 учаске, Махамбет, Баймұханов, Амандосов көшелерінен сыртқы көпірге дейін
  • №7 учаске, сыртқы көпірдің бойымен И.Тайманов көшесіндегі айналма жолға дейін
  • №8 учаске, И.Тайманов көшесіндегі айналма жолдан бастап Береке ауылы тұсындағы көпірге дейін
  • № 9 учаске, Нұрсая ы/а
  • №10 учаске, Құрманғазы көшесі.

 

Қосымша учаскелер:

  • М.Әуезов көшесі
  • Балықшыдағы шағын саябағы
  • №17 мектеп маңы
  • Геолог ауылы, А-27 тас жолы
  • Самал ықшамауданы
  • №2 бақша (шағын Жеңіс саябағы)
  • Балықшы саябағы
  • З.Ғұмаров көшесі, 6
  • Ш.Уәлиханов көшесі, 9а
  • Бейбітшілік көшесі
  • Берғалиев, И.Тайманов көшелері (А-28 солтүстік өндірістік аймағы)
  • Нұрсая саябағы (№37 мектеп жанында).

Айнұр САПАРОВА

2 маусым 2022, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.