Атырау, 24 қараша 14:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ ауруханасында атыс болып, 5 адам қаза тапты

1 268 просмотра

АҚШ-тағы Оклахома штатының Талса қаласындағы ауруханада атыс болып, бес адам қаза тапты. Олардың арасында оқ атқан адам да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері оқиға болған Киелі Франциск ауруханасына жеткенінде қарулы шабуылшы мерт болған. Әзірге аты-жөні белгісіз ер адам мылтық пен тапаншамен қаруланған. 

Полиция бастығының орынбасары Эрик Далглиш атыс кезінде төрт бейбіт тұрғын мен оқ атқан адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Полицияда шабуылдың не себеп болғаны жайлы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. 

Еске салсақ, Ақ үй басшысы америкалықтарды Техас штатындағы мектепте атыстан кейін қарулы зорлық-зомбылықты болдырмауға шақырды.

2 маусым 2022, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.