Атырау, 28 наурыз 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Туды пайдалану ережесін қайта қарау керек - Тоқаев

904 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Туын пайдалану ережесін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылып жатыр. Өкінішке қарай, қасиетті Көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені Көк туымыз - қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы", - деді Тоқаев.

Ол қажет болған жағдайда тиісті заңдарға түзетулер енгізу керек екенін атап өтті.

"Туған жерге туыңды тік" деп халқымыз бекер айтпаған. Біз - Туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес".  Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу - әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі - сіздер, яғни зиялы қауым", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салйық, 25 мамырда Алматыда өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев өрескел әрекет танытты. Жас әншілер сахнаға мас күйінде шыққаны аздай, Асхат Жолшиев мемлекеттік туды қорлаған. Бұдан бөлек, өнерпаздар бейәдеп сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде әншілерді сынады. 

2 маусым 2022, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.