Атырау, 29 наурыз 17:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында жасалған қылмыстардың мән-жайын қысқа уақытта анықтау мүмкін емес

1 046 просмотра

Қаңтар оқиғасында жасалған қылмыстардың мән-жайын қысқа уақытта анықтау мүмкін емес. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының барлық себептері мен мән-жайларын анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде. Өз ерекшеліктері бойынша олар біздің еліміз үшін ғана емес, шетелде де тергеу және дәлелдеу тұрғысынан өте күрделі. Іс жүзінде мұндай қылмыстық істерді үш ай немесе жарты жылда аяқтау мүмкін емес. Бұған дейін хабарланғандай бізде 1,5 мың зақымдалған объектілер бар. Әрқайсысы бойынша қарап тексеру жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Материалдық залалды анықтау үшін сараптамалар тағайындалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Оның айтуынша, қылыстық істер бойынша мыңнан астам күдіктілер бар. Әр қайсысынан жауап алу, беттестіру, оқиға орнын нақтылау және басқа да кешенді тергеу әрекеттері қолға алынады. Бүгінгі күні тек арнайы прокурорлардың істері бойынша еліміздің 8 өңірінде 20 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. 3,5 мың сот сараптамалары тағайындалды.

«Барлық жұмыстар қылмыстың әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Бұл жағдайда тергеу органдары мен сотқа ақпараттық қысым жасау мақсатында оқиғаларды біржақты жариялауға жол берілмейді. Толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдары барлық күшті салуда», - деді Елдос Қилымжанов.

1 маусым 2022, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.