Атырау, 24 желтоқсан 19:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

VIP нөмір иелері бюджетке қарыз

1 632 рет қаралды

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін (МТНБ) берудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесін жариялады. Мемлекеттік бажды төлеуден жалтару фактілері анықталды.

- Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары ұсынылған МТНБ-дан 59 тұлғадан МТНБ үшін 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген, 78 тұлғадан 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж жеткіліксіз төленген, ал 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылған. Осылайша, мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

1 маусым 2022, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.