Атырау, 24 қараша 14:35
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 98-күн

1 663 просмотра

Украинаның күн сайынғы жауынгер шығыны - шамамен 60-100 сарбаз өліп, 500-ге жуығы жараланады. Бұл туралы Newsmax телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, елдің шығыс бөлігіндегі украиндықтар «қорғаныс периметрін ұстап тұр», ал Харьков облысында «қарсы шабуыл жасап, қысым көрсетуде».

* * *

Украинаның Херсон облысы мен Луганск және Донецк халық республикаларының «азат етілген» аумақтары Ресей құрамына өтеді. Мұндай пікірді РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак айтты.

«Шешімді тұрғындардың өздері қабылдауы керек, мен олардың оны қабылдайтынына сенімдімін. Сондықтан бұл аймақтың Ресей Федерациясының құрамында болатынына күмәнім жоқ, жоқ», – деді Турчак.

* * *

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жариялады.

АҚШ-тың Украинаға әскери көмегінің жаңа пакеті 700 миллион долларға бағаланып отыр, оған HIMARS көп реттік зымыран жүйелері кіреді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Он бірінші көмек пакеті сәрсенбі, 1 маусымда ресми түрде жіберіледі.

"HIMARS және олардың оқ-дәрілері, қарсы соғыс радарлары және бірнеше әуе қорғаныс радиолокациялық станциялары, Javelin және басқа да танкке қарсы құралдар, қосымша артиллериялық оқ-дәрілер. Бірнеше тікұшақ пен тактикалық көлік", - деді Ақ үйдің өкілі.

Көмектің келесі партиясы бұрын жеткізілген жабдықтың қосалқы бөлшектерін де қамтиды.

* * *

АҚШ Украинаға аса қауіпті зымыран қаруын жеткізбек.

Украинаның тағы бір облысы байланыссыз қалды. АҚШ Украинаға Ресей жеріне жете алатын зымырандарды жіберетін болды.  тілшісі Украинада болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Украина әскери қылмысқа барған 15 000 күдіктіні анықтады.

Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері 15 000-ға жуық әскери қылмысқа барған күдіктілер тіркелгенін айтты. Бүгінге дейін 600-ге жуық күдікті анықталып, 80 сот ісі басталған. Венедиктованың айтуынша, күдіктілердің тізіміне "Ресейдің жоғары лауазымды әскери қызметкерлері, саясаткерлер мен пропаганда агенттері" кіреді.

* * *

Северодонецкте 12 000 дейін бейбіт тұрғын оқ астында қалды.

Норвегиялық босқындар кеңесінің бас хатшысы Ян Эгеландтың айтуынша, Северодонецкте бейбіт тұрғындар шұғыл көмекке мұқтаж, олар соғыс алаңында қалды. Эгеланд гуманитарлық ұйымдарға бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.

"12 000 азаматтың өміріне қауіп төніп тұр, олар үшін қарапайым су мен нанның өзін табу қиын", - деп толықтырды ол.
We cannot save lives under the hail of grenades. We call on parties to the conflict in Ukraine to immediately allow aid agencies access to Severodonetsk and to allow safe evacuations of civilians. https://t.co/BrifqPdaT0
— Jan Egeland (@NRC_Egeland) 
May 31, 2022

* * *

Херсон облысы байланыссыз қалды.

Украинаның арнайы байланыс және ақпаратты қорғау мемлекеттік қызметі елдің оңтүстік Херсон аймағында белгісіз шабуыл болғанын хабарлады. Өңірдегі жабдық күйіп, кабельдер істен шыққан.

"Қазіргі уақытта облыс тұрғындары байланыссыз және интернетсіз қалды. Сондай-ақ, стационарлық телефон аппараттарының көмегімен ұлттық және халықаралық телефон қоңырауларын шалу да мүмкін болмай отыр", - делінген хабарламада.

* * *

Байден Украинаға алыс қашықтықты көздейтін зымырандарды беретін болды

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 80 шақырымға дейінгі нысанаға жететін жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелерін беруге келісті. Украина бұл техниканы Ресейге қарсы қолданбайтынын айтып сендірді. 

* * *

Екі ел арасындағы соғыс ұзаққа созылуы мүмкін.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Capital.gr порталына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан аяқталатынын қазір ешкім болжай алмайтынын, соғыстың ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, ол алдағы НАТО-ға мүше елдер басшыларының кездесуінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар болатынын айтып, соғысты тоқтатудың жаңа жолдары қарастырылатынын жеткізді.

* * *

Украина өсімдіктерінің генетикалық банкі жойылу алдында тұр.

Украина жер асты қоймаларында 2000-ға жуық дақылдардың генетикалық коды жойылып кетуі мүмкін. БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы құрған CropTrust коммерциялық емес ұйымының мәліметінше, бұл қауіп осы айдың басында Украинаның ұлттық тұқым банкінің жанындағы зерттеу орталығы зақымданған кезде пайда болды.

"Генетикалық банкетр - бұл адамзат өмірін сақтандырудың бір түрі. Олар құрғақшылыққа, жаңа зиянкестерге, жаңа ауруларға және жоғары температураға төзімді өсімдіктердің жаңа сорттарын өсіруге шикізат береді", - деді Crop Trust атқарушы директоры Стефан Шмитц.

* * *

"Газпром" Shell және Orsted келісімшарты бойынша газ беруді тоқтатады.

"Газпром" Данияның Orsted және Shell компаниясына Германияға газ жеткізу келісімшарты бойынша жеткізуді тоқтататынын айтты. Айта кету керек, бұған дейін "Газпром" Польша, Болгария, Финляндия және Нидерландыға газ жеткізуді тоқтатты.

* * *

Дүйсенбі, 30 мамыр кешке Еуроодақ жетекшілері Ресейға қарсы санкцияның алтыншы пакетін мақұлдады. Оған сәйкес, Ресей мұнайына эмбарго жарияланып, "Сбербанк" SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінен ажыратылады. Бұл туралы Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Twitter’інде жазды.

Оның сөзінше, шектеулер Ресейден келетін мұнай экспортының үштен екісіне қатысты. Құбыр желісімен тасымалданатын отынға әзірше тыйым салынбайды. Санкцияға тек теңіз арқылы келетін мұнай ілініп отыр.

"Достық" құбыры арқылы жеткізіліп жатқан мұнайға шектеу қойылмайды.

Бұған дейін Ресей мұнайына толықтай эмбарго жариялауға экономикасы Ресейден келетін отынға тәуелді Венгрия қарсы болған.

Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен Twitter'інде, мұнай эмбаргосын құптайтынын, осының әсерінен Ресейден Еуроодаққа жеткізілетін мұнай импорты жыл аяғына дейін шамамен 90 пайызға қысқаратынын жазды.

Bloomberg-тің есебінше, мұнай эмбаргосынан Ресей жылына 22 миллиард доллар шығын шегеді. Оның 10 миллиарды теңіз арқылы жеткізуге салынған тыйымға байланысты. Ресей экспортқа шығаратын мұнайының 75 пайызын теңіз жолымен тасымалдайды. Дегенмен, Ресей мұнайын Венгрия, Словакия және Чехияға жеткізіп жатқан, әзірге тыйым салынбаған "Достық" құбыры арқылы Мәскеу жылына алты миллиард доллар табыс тауып отыр.

Лондон биржасында сейсенбі, 31 мамырда Brent маркілі мұнайдың баррелі 119 долларға дейін көтерілді.

Бұдан бөлек, ЕО жетекшілері "Сбербанкті" SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінен ажыратып, өз елдері аумағыда Ресейдің үш мемлекеттік телеарнасын көрсетуге шектеді. Әзірге саяси келісім жасалып жатыр. Іс жүзінде алтыншы пакет заңды күшіне енген жоқ.

Ресейге қарсы жаңа санкциялар Украинадағы соғыстан кейін салына бастаған.

* * *

Ресейлік миллиардерлер Петр Авен мен Михаил Фридман Еуропа Одағы кеңесінің үстінен Еуропалық сотқа шағым түсірді. Михаил Фридман, Украинадағы соғыс басталғанда Еуроодақтың салған санкциясына алғаш іліккен ресейліктердің бірі. Көп ұзамай бұл тізімге Петр Авен де кірген.

Авеннің шағымы 23 мамырда, Фридманның шағымы 24 мамырда түскен. Өзге ақпарат жария етілмеген.

Санкция салынғаннан кейін Фридман мен Авен "Альфа-банктің" директорлар кеңесіндегі қызметінен кеткен. Наурыздың басында екеуі де санкцияға шығым түсіретінін айтқан-тын. Екі бизнесмен бірлескен мәлімдемесінде "бұл санкцияға сылтау болған ойдан шығарылған, негізсіз себептерге, қолдан келген жолмен қарсылық білдіретінін" айтқан.

Фридман Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында санкцияның әділетсіз екеніне шағымданған. Ол өзінің банк картасының бұғатталып, бір айдағы шығыны 3300 доллардан аспайтындай етіп шектелгендіктен Лондондағы жайын жинау үшін ақша төлей алмай қалғанын айтқан.

Мамырдың басында Францияда санкция кесірінен Copab вилласы бұғатталған. "Схема" жобасының зерттеуінше, ол Фридман отбасына тиесілі.

16 мамырда Украина бас прокуроры Ирина Венедиктова, ресейлік олигарх Михаил Фридманның "Альфа-банктегі" 416 млн доллардан асатын активі бұғатталғанын мәлімдеген. Бұдан бөлек, өзге шоттардағы тағы 15,7 млн доллардан асатын қаржы бұғатталған.

Бұған дейін Еуропа сотына санкцияға ілінген Әлішер Усманов, Андрей Мельниченко мен Вадим Мошкович сынды бірнеше ресейлік бизнесмен де шағым түсірген.

* * * 

Ресей бас прокуратурасының талабымен "Мемориал" құқық қорғау сайты бұғатталды. Бұл туралы ақпаратты Ресей БАҚ-тарын бақылаушы Роскомнадзор қызметі жариялады.

Роскомнадзор биыл сәуірдің ортасында бас прокуратура шешімі бойынша Human Rights Watch, украиндық Gazeta.ua, "Громадське радi", "Сегодня" және тағы 20 ресурстың сайтын Ресей аумағында бұғаттаған.

"Роскомсвобода" мәліметінше, Украинада соғыс басталғалы бері Роскомнадзор 2300-ден аса ресурсты бұғаттаған. Олардың ішінде Настоящее Время, Радио Свобода, Голос Америки, "Медуза", Deutsche Welle, Bild, "Белсат" және тағы басқа баспасөз құралдары бар.

28 желтоқсанда Ресей Жоғарғы соты "Мемориал" халықаралық ұйымын жабу туралы шешім қабылдады. Бас прокуратура ұйымды "шетел агенті" туралы заңды бірнеше рет бұзды деп айыптап, сотқа шағым түсірген еді.

"Мемориал" – 1989 жылы Ресейде құрылған құқық қорғау ұйымы. Оның алғашқы төрағасы – Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты академик Андрей Сахаров.

Ұйым 30 жылдан астам уақыт бойы совет кезіндегі қуғын-сүргінді зерттеп, қудалауға ұшыраған азаматтардың толық дерек қорын жасады.

Ақпараттар kursiv.mediaАзаттық радиосыTengrinews.kz басылымдарынан алынды.

1 маусым 2022, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.