Атырау, 26 сәуір 08:59
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қаз​​ақстан Ресей мен Беларусь тасымалдаушыларына қатысты шешімін жариялады

918 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей мен Беларусь жүктасымалдаушыларына қатысты шешімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ұлттық автокөлік тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі заңнамада үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалына шектеулер енгізіледі, оның ішінде "қайта тиеу" бойынша шектеу бар. 

Қазақстанда бұл талаптар 2017 жылы Инвестициялар және даму министрлігінің "Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автокөлік тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы бойынша енгізілді.

Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасында 200 АЕК (автокөлік жүргізушілеріне) және 500 АЕК (заңды тұлғаларға) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұл ретте, "қайта тиеуге" тыйым салатын талаптар шетелдік тасымалдаушылармен қатар, қазақстандық тасымалдаушыларға да қолданылады.

Осыған ұқсас талаптар Ресей Федерациясында РФ Көлік министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 301 бұйрығымен және "Үшінші мемлекеттердің жүктерін халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау ерекшеліктерін бекіту туралы" РФ Көлік министрлігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 259 жаңа бұйрығында белгіленген болатын. Ресей Федерациясында осы норманы бұзғаны үшін 150 000 рубль көлемінде айыппұл қарастырылған.

"Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты ресейлік және беларусьтік уәкілетті органдар қазақстандық тарапты хабардар етпей, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талаптарды тоқтатқан. Осыған байланысты Қазақстанда "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап қолданыста екенін айта кеткен жөн. 2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан мен РФ Үкімет басшыларының кездесуі барысында "қайта тиеуге" тыйым салу талаптарын тоқтата тұру туралы хабарламаны талқылағаннан кейін, Қазақстан тарапы түсіністік танытып, жағдайды тиімді шешуді ұсынды. "Қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап келесі жылдың басына дейін беларусьтік және ресейлік тасымалдаушыларға қатысты қолданылмайды", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір Қазақстан мен Ресей Федерациясының құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдары консультациялар жүргізіп жатыр, олардың нәтижелері бойынша қолайлы шешімдер қабылданады.

Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа елдерге/елдерден халықаралық автокөлік тасымалы кезінде қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қойылмайды. Бұл мақсатты жүзеге асыруға рұқсат беретін арнайы құжат алу қажет.

Бүгінде Қазақстан Республикасында Қазақстаннан Еуропа елдеріне жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін 40-қа жуық компания тіркелген. Онда көлік құралдарының жалпы паркі 3 мың бірлік болады.

1 маусым 2022, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.