Атырау, 25 желтоқсан 11:15
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Ақтауда ЖЭО-дан ірі өрт шықты

1 302 рет қаралды

Ақтауда сейсенбі, 31 мамыр кешке "МАЭК-КазАтомПром" ЖШС жылу электр орталығы аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға туралы ақпарат 21.42-де келіп түскен. Ашық тарату құрылғысы өртке оранған.

Өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады.

"Өңірді энергия ресурстары су және электр энергиясымен қамтамасыз етуге өрт әсер етпейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен алты техникасы, МАЭК-тың төрт қызметкері, бір техникасы және төрт полицей жұмылдырылған.

Өрт сөндірілгені туралы ақпарат әзірге жоқ.

1 маусым 2022, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.