Атырау, 24 қараша 14:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан қантты экспорттауға тыйым салды

1 284 просмотра

Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті елден түйіршіктелген қант пен шикі құрақ қантын алты ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Мұндай шешім министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай экспорттау мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны ұстау мақсатында әзірленген.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйым салуға бастамашы болған.

1 маусым 2022, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.