Атырау, 24 сәуір 09:49
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Балаларды қорғау күнінде қандай шаралар өтеді

1 669 просмотра

Бүгін, 31 мамырда WhatsApp желісінде Исатай-Махамбет алаңында 1 маусымда концерт өтетіні, онда балаларға түрлі тәттілер тегін таратылып, батутта тегін ойнататыны туралы аудио таралып жатыр. Оқырмандарымыздың «Осы рас па?» деген сұрағына Атырау әкімдігінен жауап сұрадық. 

– Жоқ, бұл хабарландыру шындыққа жанаспайды. Қала тұрғындарын жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймыз, - деп жауап берді әкімдікте.

Іс жүзінде 1 маусымда мынадай шаралар өтеді:

1. «Біз бақытты балалар, өнер сүйген» атты облыстық балалар әндері фестивалі – сағат 9.30-да облыстық жастар шығармашылығы орталығында;

2. «Сазды керуен» қайырымдылық концерттік бағдарламасы – сағат 11-де Ретропаркте және сағат 18-де «Керемет» саябағында;

3. «Әсем әлем» қайырымдылық көрмесі – сағат 15:00-де Жастар саябағында;

4. Балаларға арналған «Біз бақытты баламыз» ойын-сауық бағдарламасы – сағат 19.00-де Бейбарыс алаңында.

5. Ретропарктегі қайырымдылық концерттік бағдарламасы – сағат 18:00-де;

6. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб – сағат 18.00-21.00-де Жастар саябағында;

7. Балаларға арналған көпшілік спорттық жарыстар – Бейбарыс алаңында сағат 18.00-21.00-де.

Сонымен қатар, Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысының м.а. Мира ДӘУЛЕТБАЕВАНЫҢ мәліметі бойынша, 1 маусым күні сағат 15-те Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында «Дарын» ұлдар хорының концерті өтеді. Сол күні Ш.Сариев атындағы өнер музейінде көрме өтеді деп жоспарланған. Сағат 12-де драма театрында – «Аладдин» ертегі қойылымы (театр ғимаратының алдында концерттік бағдарлама да қарастырылған). Басқарма басқа шаралар жоспарламаған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

31 мамыр 2022, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.