Атырау, 24 қараша 14:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қандай жағдайда кіретінін айтты

1 273 просмотра

Мамыр айында бұл елде альянсқа мүше болу үшін өтініш тапсырған болатын. 

Швеция мен Финляндия елдері Түркия қойған талаптарды орындаса ғана НАТО-ға кіре алады. Басқа жағдайда Түркия өз позициясын өзгертпейді. Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Түркия үміткер елдерден олардың аумағындағы террористік ұйымдардың қызметін тоқтатуды және ұйым мүшелерін түрік тарапына беруін күтеді. Терроризм альянсқа мүше барлық елдерге қауіп төндіреді, үміткер елдер ұйымға кірмес бұрын осыны ұғынуы керек. Түркияның бұл мәселеге қатысты ұстанымы тиісті қадамдар жасалмайынша өзгермейді", – деді Ердоған.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшы партиясы Түркиядағы күрдтердің саяси құқығы талап етіп, елдің құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылдың шілдесінде тоқтатылды. Ресми Анкара бұл партияны террористік ұйым және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

31 мамыр 2022, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.