Атырау, 26 сәуір 08:37
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мемлекетаралық үш пойыз Қазақстан арқылы қатынайды

1 054 просмотра

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге қатынауы қайта басталады,  деп хабарлады "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы.

- №17/18 «Бішкек-Самара» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап, Самарадан ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап аптасына 2 рет қатынау жиілігімен аттанады;

- №305/306 «Бішкек - Шу/Қазан» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап, Қазаннан – ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап аптасына 1 рет қатынау кезеңділігімен аттанады. Пойыз №113/114 «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясын қоса біріктіріп  қатынайды;

- №385/386 «Бішкек – Новосибирск» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап, Новосибирскіден-ағымдағы жылдың 11 маусымынан бастап 8 күнде 1 рет қатынау кезеңділігімен жөнелтіледі.

 Қазақстан аумағы бойынша жоғарыда көрсетілген пойыздарға жолаушыларды отырғызу/түсіру жүзеге асырылады.

Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады 

Шешім 2022 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиямен қабылданды. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №21 қаулысында жазылған талаптар сақталуға міндетті.

  Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID – 19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Ол берілген күннен бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспауы тиіс. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан аумағында жарамды деп танылған коронавирустық індетке қарсы вакцинацияның немесе ревакцинацияның толық курсынан өткені туралы паспорт (соңғы дозаны алғаннан кейін алты айдан аспайтын мерзім) ұсынуға болады. Егер жолаушыларда ПТР - тест нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациялау паспорты болмаса, онда вагонға отырғызуға жіберілмейді.

Теріс нәтижесі бар COVID - 19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтама ұсыну: 

- ертіп жүретін адамдарда осындай анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға;

- Қазақстан Республикасы үкіметтік делегациялары мүшелеріне;

- локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға;

- егер екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстанның шекарасын кесіп өту сәтінде алты айдан аспаған болса, Қазақстанда ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде;

- ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан аумағында жарамды деп танылған, covid-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға талап етілмейді.

Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша алуға болады.

31 мамыр 2022, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.