Атырау, 26 сәуір 14:47
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қант үнемі сөреде тұрмайды және 3 келіден артық берілмейді

1 301 просмотра

Атырауда қант тапшылығы әлі де бар. 27 мамырда облыс әкімдігі мұның «уақытша» екенін, облыста қант қоры жеткілікті екенін және қолдағы қор үнемі толықтырылып отыратынын хабарлады. Ал 30 мамырда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары Атырауда аталмыш өнімнің бағасын бақылау мақсатында рейд жүргізді.

Супермаркеттер «дүрлігіс болмас үшін» қантты бір адамға сату бойынша шектеу қойды. Ал, рейд барысында супермаркеттердің бірінің әкімшілері бір тұтынушының қант сатып алуға күніне 18 рет келгенін айтып шағымданған. Бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, рейдтің мақсаты - азық-түлік бағасының тұрақтылығына, негізсіз өсуін қадағалау және қолжетімді мөлшерде тұрғындарға ұсыну. Атырау облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВТІҢ айтуынша, өңірге сәуір айынан бастап 536 тонна қант әкелінген.

- «Идеал Маркет» ЖШС-не 6 вагон, яғни 408 тонна, басқа да супермаркет желілеріне 128 тонна - 2 вагон қант тасымалданып, қазір сөрелерде сатылымда тұр. Дегенмен, қант әр адамға 3 келіден сатылуда. Себебі төмен бағамен жеке кішігірім дүкен иелері немесе басқа да тұтынушылар бір мезетте өте көп мөлшерде сатып алып кетеді де, үстіне бағасын қосып, қымбатқа сатады. Сондықтан супермаркеттерде қант белгілі бір мерзімде ғана сөрелерге шығарылып тұрады. Айта кетейік, мұндай рейдтік шараларды алдағы уақытта аптасына бірнеше рет жүргіземіз, - деді Н.Жаңабеков.

Оның айтуынша, Алматы облысындағы «Көксу қант зауытымен» келіссөз жүргізілуде. Нәтижесінде өңірге қосымша 408 тонна қант өнімін жеткізу жоспарланып отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

31 мамыр 2022, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.