Атырау, 22 ақпан 00:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты

996 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мешітке барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты, - деп хабарлайды Ақорда

"Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

31 мамыр 2022, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.