Атырау, 24 желтоқсан 19:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Тапанша және таратуға тыйым салынған файлдар

1 332 рет қаралды

Атырауда 29 жастағы деструктивті діни ағым өкілінен қару мен Қазақстанда тыйым салынған кітаптар табылды.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізгенде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапанша, 14 дана патрон, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған мағлұматтар бар 5 дана флешкарта мен 17 дана діни кітап тәркіленді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айнұр САПАРОВА

31 мамыр 2022, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.