Атырау, 29 наурыз 15:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Тоныңызды өзгертіңіз». Бозымбаев сынның астында қалды

1 097 просмотра

Желіде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өңір тұрғындарымен сөйлескен сәтінің видеосы жарияланып, қызу талқылана бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Life.kz YouTube арнасында жарияланған видеода газды модульдік қазандықтардың жоқтығына шағымданған Есік тұрғыны мен әкімнің әңгімесі таспаланған. Ойын жеткізе алмай сәл кібіртіктеген әйелдің облыс басшысы басшысы бөліп жіберген.

«Cіз менімен дөрекі сөйлесіп тұрсыз, адам санатына қоспағаныңыз ба? Сөзімді неге бөлдіңіз», – деп ренжіді тұрғын.

Тек екі модульдік қазандық салынғанын, қалған 15-і сөз жүзінде қалғанын алға тартқан Есік тұрғыны бөлінген ақша қайда кеткенін сұрады. Бозымбаев өз кезегінде қаржыны облыстық бюджет бөлетінін,  ал аймақтық қазынасы созыла беретін «резеңке» емесін айтты. Қаланың түрлі аудандарынан өтініш түсетіндіктен, ақша кезекпен беріледі деп түсіндірді әкім.

«Сонымен, бізде газдандыру қай жылы аяқталады?» - деді әйел талапты үнмен.  

«Тоныңызды өзгертіңіз. Бүкіл облыс бойынша осындай жағдай. Сіз Айдан түскен жоқсыз ғой. Өкінішке қарай ел азаматтарының 60 пайызы ғана газға қол жеткізген. Біз әлі толық газдандырылмаған елміз», - деді Бозымбаев.

Аймақ басшысы бұл мәселенің бәрін өз баяндамасында толық айтқанын, алайда тұрғындар оған құлақ аспағанын жеткізді.

Келесі болып әкімге Талғар қаласының тұрғыны жүгінді, онымен әңгіме де дауға ұласқанын көруге болады.

30 мамыр 2022, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.